Алдағы 5 жылға арналған Еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспары бекітілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкімет қаулысының жобасы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты саясат «азаматтардың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден» «еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға» көшуді көздейді», - делінген құжатта.

Кешенді жоспар 4 негізгі даму бағытты қамтылған. Құжатта көрсетілгендей, алдағы 5 жылда еңбек нарығын ілгерілету үшін мына жұмыстар жасалады:

- «Сапалы жұмыс орындарын» есепке алу тұжырымдамасы мен әдіснамасын Нормативтік бекіту;

- Шағын және орта бизнес секторында жаңа кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- Өз қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін кәсіпорындарды ынталандыру;

- Жастар тарапынан жұмыс орындарына өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыру үшін кәсіпорындарды қолдау тетіктерін құру;

- Тиімді ерте кәсіби бағдарлаудан бастап үздіксіз кәсіби даму мәдениетін енгізу және дамыту;

- Мүгедектігі бар адамдар үшін мүмкіндіктер жасау;

- CRIRSCO үлгісі бойынша әзірленген KAZRC Кодексі бойынша жария есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу;

- Шығындарды азайту және инвестицияланған ресурстардың кірістілігін арттыру арқылы өңдеу өнеркәсібінің тартымдылығын арттыру;

- Шикізат ресурстарын бөлу жөніндегі мемлекет мандатын пайдалану және жеке инвесторлар үшін ерекше жағдайлар жасау арқылы кеңістіктік дамуды ескере отырып, өңдеу өнеркәсібінде ірі капиталды және ғылымды қажетсінетін жобаларды дамытуды қолдау;

- Сараланған салалық салық ставкаларына көшу арқылы орта өнеркәсіптік компаниялар үшін фискалдық ынталандыруларды енгізу, оның ішінде ставкаларды төмендету және қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығын әкімшілендіру тәртібін жеңілдету.

- Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен өлімді азайтуға қаржылық ынталандыруды енгізу арқылы кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігін арттыруға ынталандыру.

-

Осы жұмыстарды орындау есебінен мына нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

- 2028 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендету;

- сапалы жұмыс орындарының санын 3,5 млн жұмыс орнына дейін ұлғайту.

Кешенді жоспар 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар