Алдағы 5 жылда республикалық жолдар толығымен жаңарады - Үкімет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның транзиттік-трафиктік бағыттағы позицияларын ұстап қалу үшін бірқатар шара қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Транзиттік-трафиктік позицияларды ұстап қалу үшін біз қызмет көрсету, тасымалдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жүргіземіз. Осы мақсатта Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамыту одан әрі жалғасады. 2020 жылы республиканың автокөлік жолдары желісінің 4 мың шақырымы ашық болады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі қазіргі уақытта 90 пайызды құрайды.

«2025 жылы республикалық автокөлік жолдарының 100 пайызы қалпына келтіріліп, жаңартылады. Одан бөлек, сервистік инфрақұрылымды құру жұмыстары аяқталады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар