Алдағы 5 жылда цифрлық майнингке тартылатын инвестиция көлемін 500 млрд теңгеге жеткізу қажет - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 5 жылда цифрлық майнингке тартылатын инвестиция көлемін 500 млрд теңгеге жеткізу қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІТ-саласының ұлттық бизнеспен өзара іс-қимылы келешегі зор бағыт саналады. Ірі мемлекеттік және жеке компаниялар шетелдік ойыншылардың әзірлемелері мен қосымшаларына ондаған млрд теңге жұмсайды. Үкімет өнеркәсіп пен ІТ-саласы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюы тиіс. Бұл әрбір саланың цифрлық экожүйесін қозғаушы күш бола алатын цифрлық технологиялық платформа қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев «мәліметтерді» өңдеу мен сақтауда Қазақстанды халықаралық хабтардың біріне айналдыруға мүмкіндік беретін заңдар қабылданғанын атап өтті.

«Тек өткен жылы ғана цифрлық майнингке 80 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бірақ, мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Елге әлемдік цифрлық алыптарды тарту қажет. Әйтпесе мұны басқа мемлекеттер жасайды. 5 жылдың ішінде бұл саладағы инвестиция көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу қажет», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар