Алдағы 3 жылда мұнай бағасы түсуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банк 2025 жылға қарай мұнай бағасы қазіргіден төмен болатынын болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтеру себептеріне арналған брифингіде осындай болжам айтты.

«Әлемдік мұнай нарығында жақын арада Қытайдағы сұраныс перспективаларының жақсаруы, АҚШ-тағы мұнай өндірудің деңгейі және ОПЕК саясаты нарыққа қолдау көрсетеді. Осы жайттарды және халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескерсек, мұнайдың бағасы 2023 жылы – 90 доллар болмақ. Кейіннен 2024 жылы бір баррель мұнай 85 долларға және 2025 жылы 79 долларға дейін төмендейді», - деді Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің деңгейін 16,75% деп белгілеген болатын.


Соңғы жаңалықтар