10:51, 24 Қараша 2021 | GMT +6
Алдағы 3 күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 25-27 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміз аумағында күзгі құбылмалылық сақталса да, қыс өз құқығын жиі көрсетіп отыр. Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасатын болады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды. Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 аязға дейін төмендейді», - делінген синоптиктер хабарламасында.