Алдағы 3 күнде Қазақстанда күн жылынады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25-27 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, жауын-шашын, қар, екпінді жел, батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.

27 қаңтарға қарай күндізгі температура жоғарылайды: батыс аймақтарда 0...8 аязға дейін, солтүстік, орталық аймақтарда 7...15 аязға, елдің шығысында 7...20 аязға, оңтүстік аймақтарда 0...10-ға дейін жылы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК болжамында.


Соңғы жаңалықтар