Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
2022 жылғы 16 мамыр 12:18

Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында 17-19 мамырда жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Қара Теңіз ауданынан ауысатын циклон елдің ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр жауады. 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік - шығыста, 19 мамырда солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста дауыл соғады», – делінген синоптиктердің хабарламасында.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT