+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алдағы 20 жылда Қазақстаның климаты қалай өзгереді

2018 жылғы 24 қаңтар 14:16
Бөлісіңіз:
Алдағы 20 жылда Қазақстаның климаты қалай өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орта Азия елдерінің климаты өзгеруіне қатысты конференция барысында климатологтар аймақтағы ауа райы болашақта қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экологтар қазіргі экономика қарқынын өзгертпесек экологиялық жағдайдың мүшкіл болатындығына алаңдаулы.

БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы өкілдігінің орынбасары Мөнхтуя Алтангэрэлдің айтуынша, Қазақстанда 2002 жылдан бері орташа ауа температурасы 1,28 градусқа көтерілген. Алдағы 20 жылда бұл көрсеткіш 2 градусқа жетуі мүмкін.

«Бұл бірінші кезекте ауыл шаруашылығы секторына ауыр тиеді. Орта Азияда ауылшаруашылығы жерлерінің 40 пайызы жарамсыз болады. 2050 жылға таман ылғалдық аумағы солтүстікке қарай көшеді. Қазақстан 1,4 млн га егістік пен шабындық жерлерін жоғалтуы мүмкін», - деді Мөнхтуя Алтангэрэл.

Бүкіләлемдік банктің Орталық Азиядағы климаттық өзгерістері бойынша үйлестіруші Гаянэ Минасянның айтуынша, егер ауыл шаруашылығы субьектілері климаттық өзгерістерге бейімделмесе ауылшаруашылығы саласының өнімділігі 20-30 пайызға қысқарады.

«Бұл экономикаға үлкен соққы болып тиеді. Сондықтан, Бүкіләлемдік банк Тәжікстан, Өзбекстан елдері аймағында фермерлерге бірқатар тиімді жоба ұсынып отыр. Яғни, біз ауылшаруашылығы саласында үнемдеуге бағытталған технологияларға қаржы бөлеміз. Мәселен құрғақшылыққа бейімделген тұқым өндіру, суды рационалды пайдалану технологиясы, шөл жағдайына бейімделген мал өсіру сияқты жобалар. Бұл жобалар Қазақстанға да кірді. Осы уақытқа дейін инженерлік жүйелер орнатылып келді. Биылдан бастап толық іске асатын болады», - деді Гаянэ Минасян.

Бүгінгі конференция барысында Орта Азия елдері мен әлемдік экологиялық ұйымдардың өкілдері климаттық өзгерістерге қалай бейімделу керектігін кеңінен талқылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT