Алдағы 2-3 жылда 60 мың тонна сиыр етін экспорттауға мүмкіндік бар - Арман Евниев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 2-3 жылда жыл сайын 60 мың тонна сиыр етін экспорттауға мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сиыр етін айтатын болсақ, 2017 жылы 5,5 мың тонна, 2018 жылы 20 мың тоннаға жуық ет экспортқа шығарылды. Ал биылғы жоспарымыз 25 мың тонна сиыр етін экспортқа шығару болып отыр. Дегенмен, 30 мың тоннаға да жеткізуге болады. 60 мың тонналық межеге алдағы 2-3 жылда жетуге толықтай мүмкіншілік бар», - деді Арман Евниев министрліктің кеңейтілген мәжілісі аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, кеңейтілген мәжіліс барысында ол 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап етті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарлама жан-жақты жүзеге асырыла бастағанын айтқан еді.

«Оның негізі - шағын және орта шаруашылықтар. «Сыбаға» деп аталатын арнайы жеңілдігі бар кредиттік өнім іске қосылды. 6 айдың ішінде 600-ден астам отбасылық ет фермасы несие алып, бағдарламаға қосылған еді. Нәтижесінде 2018 жылдың ішінде 19,9 мың тонна сиыр етін шығардық.

«Бұл 2017 жылғы деңгейден 3,6 есеге артық», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 30 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығына жылына 60 мың тонна ет экспорттау жоспарын орындауды тапсырған еді.

Соңғы жаңалықтар