Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр - ҚХА Төрағасының жаңа орынбасары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа орынбасары Закиржан Кузиев Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы жыл басынан бері қандай жұмыстар атқарғандығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен үшін ҚХА Төрағасының орынбасары болып тағайындалу күтпеген жаңалық болды. Бұл – үлкен жауапкершілік. Елбасының маған деген үлкен сенімін ақтауға тырысамын»,– деді Закиржан Кузиев.

Сонымен қатар, ол алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

«Біз осы жылды абыроймен аяқтап, барлық мүмкіндіктерімізді көрсетеміз деп ойлаймын. Біз жыл соңына дейін орасан зор жұмыс атқаруды жоспарлап отырмыз. Қазір іс-шаралар жоспарын дайындап жатырмыз. Бірінші кезекте жастарға назар аударамыз. Мұнда жастарға қатысты көптеген бағдарламалар бар. Этномәдени орталықтардың төрағаларымен кездесеміз. Жалпы, алдағы күндерге және келесі жылға жұмыс жоспарын әзірлеп жатырмыз», - деді ол.

Закиржан Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлығына тағайындалғанға дейін «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» Алматы облысындағы филиалының төрағасы болды.

«Биыл біз ауқымды жұмыс атқардық. Пандемияға қарамастан, Қазақстанның ұйғыр этномәдени орталығы 120 млн теңгеге түрлі қайырымдылық шара өткізді. Бұл ұйғыр этномәдени орталығы арқылы, ал Ассамблея бойынша 1,5 млрд теңгеге жасадық. Барлық кәсіпкерлер мүмкіндігінше көмек қолын созып жатыр. Егер Алматы облысы туралы айтар болам, орталық «Біз біргеміз» бағдарламасына шамамен 42 млн теңге бөлді», - деп қосты ол.

Закиржан Кузиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында көтерген мәселелерге де тоқталды.

«Кешегі өткен келелі кеңесте өзекті мәселелер көтерілді. Басты тақырыптардың бірі – қазақ тіліне көшу болды. Шынында да, бұл олқылықтың орнын толтыру қажет. Бірінші сыныптан бастап қазақ тілінде қазақ тарихын оқыту туралы ұсыныс жасалды»,– деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 570 мыңға жуық ұйғыр тұрады, оның 500 мыңы Алматы облысында.

Соңғы жаңалықтар