Алда атқаратын жұмыстар мен асулар әлі де көп - Н. Назарбаев

None
None
АНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алда атқаратын жұмыстар мен асулар әлі де көп. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне байланысты өтіп жатқан мерекелік шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біздің алдымызда жасайтын жұмыстар мен асулар әлі де көп. Мына шыр айналған дүниеде түрлі қиыншылықтарды бастан өткеріп жатқан кезде, біздің елде бағдарламалар мен өндірістер іске асырылуда. Осының барлығы Қазақстандағы бірліктің арқасында»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы бүгін, 1 мамыр күні Қазақстанның барша өңірінде, яғни ірі қалаларда, аудандарда, ауылдарда осындай мерекелік шара өтіп жатқанын айтып өтті.

«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген ата-бабамыздан қалған қағидатты ұстансақ, болашағымыз баянды болатыны хақ. Осы орайда бейбітшіліктің басымдықтарын бұдан әрі жалғастырсақ жастарымыз бақытты болады. Ал еліміз мықты болады. Сондай-ақ бұдан әрі де Қазақстанның дәрежесі мен мерейі арта түседі»,-деп түйіндеді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар