Албаниядағыжер сілкінісінен 70-ке жуық адам жарақаттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Албания астанасы Тирана қаласында және Дуррес қалаларында магнитудасы5,6 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Албанияның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл мемлекеттегі соңғы отыз жылда болған ең үлкен жер сілкінісі.

«Денсаулық сақтау министрі Огерта Манастирлиудің хабарлауынша, жер сілкінісінен 68 адам жарақат алған.Көбі үйлерін тастап қашу барысында жарақаттанған», деп жазады басылым.

Жер сілкінісінен Тиранада 48 үй және үл көппәтерлі үй құлаған, ал Дурресте 42 үй мен төрт көппәтерлі үйдің тасталқаны шыққан.

«Бастысы, адам өлімі тіркелмеді», - дейді Қорғаныс министрі.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісі 5,6 балл болды десе, Албания геоғылым институтты 5,8 балды көрсетті.


Соңғы жаңалықтар