30.01.2023 12:08 Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2022 жылы мегаполисте 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.01.2023 09:15 Аукцион арқылы көлік алмақ болған өскемендік әйел алаяққа 1,3 млн теңге берген ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны аукцион арқылы көлік аламын деп алаяққа 1,3 млн теңге берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.01.2023 17:10 Сыйлыққа көлік ұттыңыз: астаналықтарды алдаған алаяқтар ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі күдіктіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
28.01.2023 05:40 Атырауда интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс өсті АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтыр интернеттегі алаяқтық қылмыс дерегі 9,7 пайызға, ал, биылғы қаңтар басталғалы 10 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 19:43 Атырауда отыз адамға кредит алдырып, 40 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ ұсталды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 30 адамды алдап, 40 млн теңгені иемденген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.01.2023 12:17 Телефон арқылы алаяқтық жасаған 32 адамнан тұратын Халықаралық қылмыстық топ жойылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Украинаның Ұлттық полициясымен бірлесіп, телефон арқылы алаяқтық жасаған 32 адамнан тұратын Халықаралық қылмыстық топ жойылды.
26.01.2023 02:22 Қызылордада ерлі-зайыптылар мемлекетке 24 млн теңге залал келтірген ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жалған несие шартын әзірлеп, мемлекетке 24 млн теңгеден астам ірі мөлшерде мүліктік залал келтірген адам шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 19:34 Өскеменде 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескер болуға көндіріп, ақшасын алған ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескерлікке заңсыз тартқан. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.01.2023 18:00 Интернет-алаяқтық, жалған компаниялар мен Алматы облысында жиілеген көлік апаты – ІІМ қандай шара қолдануда АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қазақстанда 20 мыңнан аса интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Сонымен қатар, жалған инвестициялық компанияларға салым жасаған тұрғындар жинақтары мен дүние-мүлкінен айырылған. Бұл мәселелер бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен апталық брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 11:10 Алматыда 4,5 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына алданған АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы қаржы пирамидаларына қанша адам алданғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 09:50 Яндекс «курьер» 3,5 млн теңгенің тауарын сатып жіберген - Астанада үкім шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты алаяқтық жасау фактісімен азамат У.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 08:52 Алаяқтар «Президент Әкімшілігінен» қоңырау шалып, зардап шегушілерге маски-шоу ұйымдастырған АСТАНА. ҚазАқпарат – Алаяқтар тобы Мемлекет басшысы жастардың жаңа командасын жинап жатқанын айтып, Президент Әкімшілігінен зардап шегушілерге қоңырау шалған. Астанадағы қымбат отельдерде кездесулер ұйымдастырып, оған жалға алынған люкс машиналармен, жалданған оққағарлармен барып отырған. 5 адамға сот үкімі шықты. Алайда олар жазамен келіспей, апелляцияға берген. ҚазАқпарат бұл туралы Астана қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.
19.01.2023 15:19 Грант алып беруді уәде етіп, ондаған адамның 30 млн теңгесін иемденген алаяқ қамалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Атыраулық полицейлердің анықтауынша, әйел адам «кәсіпкерлікті дамыту үшін тегін грант қаражатын алып беремін» деп, 25 азаматты алдаған. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
19.01.2023 14:50 Студенттер қаржылық сауаттылығын арттырып, интернет алаяқтықтан қорғануды үйренеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық университеттер қабырғасында студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтан сақ болуға үйрететін курстар пайда болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.01.2023 13:59 Ауыл тұрғыны астаналықтарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл тұрғыны астаналықтарды жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп алдаған. Қызметі үшін 160 теңгеге дейін алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.01.2023 10:57 Астаналық әйел тұрғындарды мембағдарламамен пәтер әперемін деп алдаған АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың 31 жастағы тұрғыны азаматтарға ақылы түрде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға жәрдем көрсетуге уәде берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.01.2023 13:55 Қазір желілерде банкроттық рәсімдеп беруге уәде ететін алаяқтар пайда болды - Ержан Біржанов АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындарымен кездескен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкроттық рәсімдеу кезінде бейресми мәліметтерге жүгініп, алаяқтарға алданып қалмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.01.2023 15:25 Үй алмақ болған өскемендік алаяққа 7 млн теңгесін беріп қойды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында үй алмақ болған ер адам алаяққа 7 млн теңгесін беріп қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 12:08 Қазақстан тағы Статиді жеңді: Нидерланд соты 530 млн долларды құрайтын төрелік шешімді танудан бас тартты АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қаңтарда Амстердам Округтік соты Нидерландының жария тәртібіне қарсы келетін Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom Group S. A. және Terra Raf Trans Trading LTD. (Стати) процессуалдық алаяқтығы нәтижесінде алынған төрелік шешімді орындау туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тарты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.01.2023 11:44 Интернет-алаяқтық жасағандарға қатысты жаза күшейеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Интернет желісі арқылы алаяқтық жасайтындарға қатысты қолданылатын жаза қатаңдатылады. Ашық талқыға шығарылған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.