Алаяқтығы үшін бес жылға сотталып, мүлкі тәркіленді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қалалық соты алаяқтығы үшін А. Абдрахмановты мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге және С.Қазиевтің пайдасына 6 млн. теңгені өндіруге үкім етті.

БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, А.Абдрахманов Зеленов ауданы Белес ауылындағы жер телімін сатқысы келетіні жөнінде Б.Жанғалиевқа айтқан. Бұл хабарды Б.Жанғалиевтан естіген С.Қазиев өндірістік базаның құрылысы үшін жер телімін сатып алғысы келеді. Бұдан соң А.Абдрахманов С.Қазиевке хабарласып, Оралға қарасты Деркөл ауылында жер телімі бар екенін жеткізген. Ақыры жер телімі құқығын растайтын құжаттары болмаса да, «сатушының» «кейін бәрін реттеймін» деген сөзіне сенген С.Қазиев 6 млн. теңгесін беріп тынады. Ал алаяқ ізін жасырады. Шын мәнісінде ешқандай жер телімі де жоқ болатын.

Соңғы жаңалықтар