2009 жылғы 11 тамыз 13:15

Алаяқтығы үшін бас бостандығынан айрылды

ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Альянс желілік сату» ЖШС несие офицері Р.Бисеновтің үстінен қозғалған қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш азамат алдын ала А.Пішенбаевпен ымыраласып, Т.Бақтыгереевтің құжаттарының көшірмесі негізінде ұялы телефондар алу үшін «Альянс Банк» АҚ-дан жедел несие рәсімдеп, оған 180743 теңге залал келтірген.

Орал қалалық соты Р.Бисеновті ҚР ҚК 177-бабы 2-бөлімі «а,в» тармақтарына сәйкес ( алаяқтық ) кінәлі деп тауып, шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айыруға және соншама уақыт сынау мерзімін белгілеуге үкім етті. А.Пішенбаевқа да осындай жаза бұйырды.

Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT