Алаяқтарға алданғандардың шығынын өтеу банктерге міндеттелмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Несие алуда алаяқтарға алданған қазақстандықтарға шығынды өтеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тұрғыда алаяқтық жолмен тұрғындарға несие рәсімделуі мүмкін немесе адамдардың жеке қаражаты жымқырылуы ықтимал. Егер сот шешімі болмаса, онда қаржы институты жағынан мұндай өтемақы жүзеге асырылмайды. Екіншіден, егер ақпараттық қауіпсіздік немесе банктің ақпараттық жүйелері кемшілігі салдарынан салымшының ақшасы жымқырылса, яғни бұл салымшының кінәсі болмаса, онда біз заңнамалық деңгейде банктің өтемақы төлеуі жөніндегі міндеттемесін қарастырғымыз келеді», - деді М. Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бұл процедураның механизмі мен алгоритмі әзірленіп жатыр. Онда алаяқтық операциялардың барлық типологиясы, ақпараттық қауіпсіздік пен смартфондарға арналған қосымшаларға қатысты талаптар ескерілмек.

«Егер бұл талаптар бұзылса, қаржы ұйымдары үшін тиісті жауапкершілік қарастырылады», - деп қосты Мәдина Әбілқасымова.

Тиісті заң жобасын Мәжіліске 2023 жылдың маусым айының соңына дейін енгізілмек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда жаңа банктерді ашу талаптары жеңілдетілуі мүмкін.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Berekе Bank-ті қай елдің инвесторлары сатып алуы мүмкін екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар