Алаяқтар үш айда 500 адамның атынан кредит алған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл үш айда қаржы ұйымдарында займ рәсімдеумен байланысты 500 алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландырудың және қашықтан қызмет көрсетудің дамуымен қатар кредит беру нарығында алдау арқылы азаматтарға жалған займ рәсімдейтін алаяқтар бесенді бола түсті. 2022 жылы ішкі істер органдары банктер мен микроқаржы ұйымдарда займ рәсімдеумен байланысты 3 мың алаяқтық фактісін тіркеді. Осы жылдың 3 айында займ бойынша алаяқтықтың шамамен 500 фактісі тіркеліп отыр», - дейді Үкімет басшысы жауабында.

Дегенмен, Премьер-Министр еліміздің Ішкі істер министрлігі халық назарына интернет алаяқтыққа қатысты статистикалық мәліметтерді үнемі жеткізетіндігін атап өтеді.


Соңғы жаңалықтар