Алаяқтар қайырымдылық ұйымдардың бірыңғай реестрі арқылы несие рәсімдеуге әрекеттенуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай реестрін пайдаланып, қазақстандықтар атына несие рәсімдеуге әрекеттенуде. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тек демалыс күндері «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына осындай шағымдармен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.

Мәселен, өтініштердің бірінде Шымкент тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті өңделгені туралы ақпарат пайда болғанын, содан кейін оған одан әрі ақшалай несие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түсті.

Дәл осындай оқиға Өскеменде де болды. Онда қала тұрғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS хабарлама жіберіліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ телефон соққан.

Осыған дейін Қордың әлеуметтік желідегі мессенджерлеріне қор атынан «Қазақстан халқына» қоры атынан телефон соққан алаяқтар төлеуге уәде еткен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыға қатысты сұрақтар келіп түскен болатын.

«Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс құралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтардың қауесеттерге сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатуына берілмеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз», – дейді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сондай-ақ, ол мұндай алаяқтық фактілер туралы айтып, тұрғындарды ескертіп жүрген қамқор жандарға алғысын білдірді.


Соңғы жаңалықтар