+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алаяқтар бір адамның атынан 25 несие алған

2020 жылғы 21 қыркүйек 10:53
Бөлісіңіз:
Алаяқтар бір адамның атынан 25 несие алған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Хабардар болсаң - сақ боласың» атты интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара аясында Петропавл тұрғындарына профилактикалық жадынамалар мен брошюралар таратылды. Интернет-алаяқтықтың жолдары айтылы. Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген акцияға «Қамқор» клубының еріктілері қосылды. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері жедел уәкілдермен бірге халық көп шоғырланған сауда үйлерін аралады.


«Біздің мақсатымыз – халықты ескерту, өйткені соңғы кезде интернет-алаяқтың түр-түрі шығып жатыр. Біздің ескертпеміз тұрғындарға алаяқтардан қорғануға көмектеседі деп үміттенеміз. Біздің түсініктемелеріміз осындай қылмыстардың санын азайтса деген тілек бар. «Хабардар болсаң – сақ боласың» деп бекерге айтпайды ғой», - дейді волонтер Даниал Исаев.

Осы жылдың басынан бері 270-тен астам солтүстікқазақстандық түрлі онлайн-ресурстар арқылы алаяқтардан зардап шекті.

«Әлеуметтік желілерде күмән туғызатын кез келген жағдайға келіспеген жөн, тауарларды сатып алу-сату кезінде алдын-ала төлемдерден бас тарту қажет, банк картасының нөмірлерін, ПИН-кодтарды, сондай-ақ ұялы телефонға түскен парольдерді ешкімге айтпау керек. Бұл мессенджерлер және басқа электрондық ресурстар арқылы Интернеттегі алаяқтық іс-әрекеттен қорғай алатын алғашқы ережелер», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Осы аптада Петропавл қаласының тұрғыны полицияға жүгінді, ол өзінің 4 миллион теңге көлемінде 25 шағын несиесі бар екенін білген. Қазір мән-жай анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT