Алаяқтар Баян Мақсатқызының атынан iPhone смартфонын ойнатып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram-дағы жалған парақша түпнұсқаны айна қатесіз қайталауда, бірақ айырмашылықты байқауға болады. Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы (Есентаева) оқырмандарын өзінің атын жамылып, түрлі науқандар өткізіп жүрген алаяқтан сақ болуды ескертті. «Достар, бұл жалған парақша, мен ешқандай телефон ойнатып жатқан жоқпын», - деп жазды ол, жалған парақшаның фотосын жариялап.

Аккаунттың түпнұсқасы міне осылай:

Алайда, бір қарағанда екеуінің айырмашылығын байқау мүмкін емес: продюсердің шын аккаунты «bayanmaxatkyzy», ал жалған парақша - «bayanmaxatkyzy_» деп жазылған. Айырмашылық тек бір таңбада.

Жалған парақша осылай жасалған:

Жалған парақшадағы оқырмандар саны - 900 мыңнан астам, ал шын аккаунт одан танымалырақ. Себебі, танымал жұлдыз оқырмандар саны жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың қатарында. Оның Instagram-дағы парақшасын 2 млн-нан астам қарайды. Аталмыш жарияланымға оқырмандар Баянның тек бұл емес, басқа да фэйк парақшалары бар деп пікір қалдырған. Олардың барлығы көптеген жарнама ұсынатын көрінеді.

 

Соңғы жаңалықтар