Алаяқтар банк карталарынан ақша ұрлаудың жаңа әдісін тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа әдіс бойынша алаяқтар Интернет арқылы тауар сатқан адамдарды тонамақ болған, деп жазады «Известия».

Басылымның хабарлауынша, алаяқтар Интернетке жарияланым берген адамға өтірік клиент болып келіп, олардың картасының CVV-кодын біліп алады.

«Алаяқтар өз мақсатын жасыруға өте шебер келеді. Мәселен, CVV кодын бейтарап «есеп-шот нөмірімен» атауы мүмкін», - дейді Zecurion компаниясының басшысы Владимир Ульянов.

Алдын ала мәліметтер бойынша Ресейде осы әдіспен жалпы 200 млн рубль көлемінде ақша ұрланған. Өткен жылы алаяқтар ресейліктердің банк карталарынан жалпы 650 миллион рубль тонап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар