Алаяқ жұмысқа тұрғызып берем деп Семей тұрғынынан 3,4 млн теңге алған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғынын алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 49 жастағы азаматты әңгімеге тартқан алаяқ жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтып, 3 400 000 теңге сұраған.

«Бұған сенген ер адам сұраған ақшасын қолына ұстатты. Алайда арада уақыт өткенде алданып қалғанын түсініп, полицияға қоңырау шалды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Құрылыс компаниясының 57 жастағы директоры полиция бөлімшесіне жеткізілген. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алаяқ 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде автобус қаққан 5 жасар қыздың көз жұмғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар