Алаяқ балабақша тәрбиешісінің 6,5 млн теңгесін қалтаға басқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында арзан пәтер уәде етіп, 6,5 млн теңгені қалтаға басқан алаяқ ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері Семейдің 42 жастағы тұрғынын алаяқ жасады деген күдікпен ұстады. Ол Алматы қаласында тұратын танысына мегаполистен арзан бағаға пәтер алып беруге уәде еткен. Оған сенген балабақшаның 44 жастағы тәрбиешісі күдіктінің туысының банктегі шотына 6,5 млн теңге аударған.

«Күдікті бұрын да істі болғаны анықталды. Оған қарсы «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар