Алаяқ Атырау тұрғындарына жер алып беруге уәде еткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының үш тұрғыны жер алып беруге уәде еткен алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға үш тұрғын жүгінген.

«Атырау қалалық полиция басқармасына жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяққа алданғанын жеткізген. Ол жәбірленушілерге осы уақытқа дейін жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықталды. Ұсталған күдікті Ақтөбе қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Өскемен тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар