Алатау ауданының тұрғындары Алматы әкіміне 400-ден астам сұрақтар қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 9 тамыз күні Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қала әкімі мегаполисті дамытудың негізгі бағыттары, абаттандыру, әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру, медициналық қызметтің қолжетімділігі, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмыс орындарын құру туралы айтқан.

Б. Сағынтаев қаланың барлық аудандарында сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігіне ерекше назар аударды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін медицицналық мекеме жоқ ықшам аудандарда медициналық пункттер мен амбулаториялар ашылады әрі мұнда орталық емханалардың дәрігерлері қабылдаулар жүргізеді.

«Бұдан өзге, бірінші тамыздан бастап тоқсан сайын жылжымалы медициналық пункттер халықпен жұмыс істеп жатыр»,-деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ ол жиында еңбекпен қамту мәселесіне ерекше назар аударды. Қызмет көрсету мен сервисті экономика саласында шыған және орта бизнесті қолдау арқылы сапалы жұмыс орындарын құрудың кешенді шаралары әзірленгенін айтты. Аудандарда «Бақытты отбасы» көпбалалы аналарды қолдау орталықтары ашылып, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда.

Еңбек нарығында жастардың қажетті мамандық алуларына көмектесу мақсатында қала колледждерінің мобильді (көшпелі) қабылдау комиссиялары жұмыс істеп жатыр. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында тегін оқыту қолға алынған.

Б. Сағынтаев қауіпсіздік мәселесі бойынша полицияның жаяу және автомобиль нарядтарының бұдан былай аулалар мен қараңғы учаскелерді бақылауға алатыны туралы айтты. Барынша криминалды аумақтарда полицияның мобильді пункттері жұмыс істейді.

«Кездесуге келгендердің барлығы әкімге сұрақтарын тікелей қойды. Үш сағатқа созылған кездесу барысында тұрғындар ауызша және жазбаша түрде 400-ден астам сауалдар жолдады. Алматы әкімдігінің көшпелі хатшылығы сұрақтардың барлығын тіркеді, олар сараптамадан өтеді және тиісті шешімдер қабылданады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар