Алатау ауданы экс-әкімін тұтқындау сәтінің видеосы тарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімін және оның орынбасары ұстау сәті бейнеленген видео ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген.

Ал оның орынбасары жалпы қамқорлығы үшін және қызметтік жалған әрекет жасау арқылы орындалған жұмыстар актілеріне нақты орындалмаған жұмыстардың атқарылғандығы туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында параны карточкалық шотқа банктік аудару арқылы алу фактісі бойынша тергеліп жатыр.





Соңғы жаңалықтар