13.03.2023 16:14 14 наурыздан бастап Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов монеталары сатылымға шығады АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 наурызынан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан MUHTAR ÁÝEZOV. 125JYLжәнеAHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары сатуға шығарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
05.03.2023 09:30 Бүгін ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның туған күні АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ұлт көсемі, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 157 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.03.2023 15:13 БҚО-да Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай этнофестиваль өтті АСТАНА. ҚазАқпарат – Сырым ауданында Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл және Алаш қайраткері, дәрігер, педагог Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына орай «DALAGER» аймақтық этнофестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 09:53 «Қазақ» газетіне 110 жыл АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін отаршылдық құрсауындағы қазақ ұлтын өркениеттің кезекті белесіне жетелеген, азаттықтың алғашқы қоңырауы атанған әйгілі «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 110 жыл толды.
21.12.2022 14:39 Мәжіліс депутаты 12 желтоқсанды Алаш күні деп жариялауды ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов 12 желтоқсанды Алаш күні деп ресми белгілеп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды. Осы орайда депутат Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.12.2022 00:12 Елордада «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының тұсаукесері өтті АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада «Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи телехикаяның тұсаукесері өтті.
08.12.2022 11:33 Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атылған күн АСТАНА. ҚазАқпарат – Осыдан тура 85 жыл бұрын, 8 желтоқсан күні Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді.
22.11.2022 16:17 Алаш арыстарының көздері жоқ суреттері бейнеленген киімдер сату дұрыс емес – діни басқарма АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алаш арыстарының көздері жоқ суреттері басылған киімдерді шығарып, сату дұрыс емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.11.2022 20:11 Қарқаралыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылды ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралыда ұлт ұстазы, Алашорданың белсенді өкілі Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.10.2022 21:24 Мәскеуде Әлихан Бөкейханов туралы кітаптың тұсауы кесілді АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» («Әлихан Бөкейханов. Аңыз адам») кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
27.10.2022 19:18 Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған республикалық айтыс өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен ұлт ұстазы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
20.10.2022 14:30 Алашорда құрылтайына 10 мың адам жиналған Аққұсақ қонысы киелі жерлер картасына енді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Аққұсақ қонысы жалпыұлттық қасиетті жерлер картасына енді. Бұл жер алашордалықтардың құрылтайы өткен тарихи жер ретінде танымал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.09.2022 11:37 Абай бастап, Алаш арыстары жалғаған ұлы жол ұлтымызды жаңа деңгейге көтерді - Президент СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуде ұлттық жаңғырудың жаңа белесіне қадам басуымыз керектігін алға тартты, деп жазды ҚазАқпарат.
27.09.2022 21:15 Түркістандағы мектептерге алаш ардақтылары Ахмет, Әлихан, Мұхамеджан есімі берілді ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 26 мектеп пен 3 кітапханаға тарихи тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.09.2022 20:35 Ахмет Байтұрсынұлы түскен видео табылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясының нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлының видеосы табылды. Мұндай жаңалықпен ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген ғылыми экспедицияның мүшесі Абылай Мауданов бөлісті.
05.09.2022 20:36 Сенатор әр мектептің төріне Ахмет Байтұрсынұлының портретін іліп қоюды ұсынды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы Ахмет Байтұрсынұлының портретін елдегі бүкіл мектептердің төріне іліп қоюды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.09.2022 14:13 «Үркер» сыйлығына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы номинация енгізіледі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БАҚ өкілдеріне арналған мемлекеттік «Үркер» сыйлығында жаңа номинация пайда болмақ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.09.2022 08:00 Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыдан тура 150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген алаш арысының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған өлкеде қойылуы керек болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.08.2022 13:30 Еліміздің бірқатар өңірінде қоғам қайраткерлеріне ескерткіш орнатылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде қоғам қайраткерлеріне ескеркіш орнатылады. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.08.2022 14:25 Биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруі өткізіледі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруі өткізілмек. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.