Алаш қозғалысы туралы архив деректері жарыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай, Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты 3 томдық құжаттар жинағы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т.Жұртбайдың бұл үш томдығы архивтегі құпия құжаттар мен сот материалдары негізіндеқұрастырылған.

Жинақтың алғашқы бөліміне Алаш қайраткерлерін ақтау барысындағы құжаттар, Алаш идеясының қалыптасу жолы туралы мағлұматтар, тергеуде басты айып ретінде тағылған тарихи жәйттер жөніндегі мұрағат деректері, 1928-1929 жылдары бірінші топпен ұсталған адамдардың түрмеде берген жауаптары енген. Екінші кітапта 1930 жылғы екінші топпен ұсталған қайраткерлердің сұрақ-жауаптары, тұтқындау кезінде тәркіленген құжаттар мен хаттар, түрме бастықтарының кімді қай лагерге жібергені туралы ілеспе хаттары, айыптау анықтамалары жинақталған. Тұтас үшінші кітап Түркістандағы тергеу істеріне арналған. Сол тақырыппен 1937-1938 жылғы сот процесінің хаттамалары көрсетілген. Өзінің ғылыми-тарихи шындығын сақтау үшін құжаттар мен материалдар архивтер мен қорларда сақталған тілінде, еш өзгеріссіз берілген.
null 

«1987 жылдың 13 қаңтарында Олжас Омарұлы Сүлейменов мені шақырып алып, «Қазақстан жазушылар одағының құқықтық комиссиясын құр, біріншіден декабрь қозғалысына қатысты комиссия жұмыс істесін, екінші репрессиялар ақталсын, үшіншіден, басылып кеткен шығармаларды, жазушылардың арызын қараңдар» деп тапсырма берді. Ақпан айында сол кездегі қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Қопабай Әбдірахманов бастаған жетінші департаменттің бастығы, КГБ полковниктері келіп, сұрақтар қойды. Содан кейін КГБ архивіне мені жұмсады. 1991 жылдың мамыр айына дейін үш жыл бойы деректерді диктофонға жаздым, қолмен көшірдім. Сол қауіпсіздік комитетінің жігіттері де оң көзбен қарады. Мынау сонда қолмен көшіріліп, қағазға түсіп қалған, кейінгі комиссия ақтауларының бірінде бар, бірінде жоқ сирек деректер», - деді автор Тұрсын Жұртбай.
null 

Соңғы жаңалықтар