Алаш қозғалысы толық зерттелген жоқ - тарихшы

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Еркін Әбіл жүргізді. Ол сәуір айындағы Елбасының бағдарламалық мақаласында ел тарихына қатысты маңызды жайттардың айтылғанын атап өтті. Оның пікірінше, алашордалықтардың басты бағыты қазақ халқының ұлттық кодын сақтау болған.   

Алаш қозғалысын қанша зерттедік дегенмен, теориялық тұрғыда әлі де белгісіздеу әрі қызықты деректер жетерлік. Міне, бүгінгі жиынның көздегені де осы - өткенімізді түгендеу арқылы жас ұрпаққа тарихты ұғындыру», - деді Еркін Әбіл. 

Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Бәйменова Алаш қозғалысының қазақтың қоғамдық-саяси өміріндегі маңызына тоқталды.  

«Қазақтың өткен ғасырдағы тарихын ақтарсақ, Алаш қозғалысын айтпай кету мүмкін емес. Елбасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап алашордалықтар қозғалысын зерттеуге айрықша мән берді. Қозғалыс идеясы 100 жыл бұрын айтылса да, әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес», - деп атап өтті З.Бәйменова. 
null

«1916 жылғы халықтық қозғалысты тарихи тұрғыда зерделеу мәселелері» тақырыбында профессор, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы баяндама жасады.

«Шыны керек, Кеңес үкіметі тұсында тарих отарлаушылардың көзімен жазылды. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дейді қазақ. Мұндағы айтайын дегеніміз - осы тарихи құбылысқа шынайы баға беру қажеттілігі енді туған сияқты. Қозғалыс төңкеріске ұласты, соның нәтижесінде Ресей империясының ұлан-ғайыр территориясында Кеңес үкіметі орнады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс біржақты ғана зерттеле бастады. Қозғалыстың әрбір он жылдығында Торғайға экспедиция ұйымдастырылып, есепсіз деректік материалдар жинақталды. Олардың көпшілігі жарияланды да. Ә.Жанкелдин, А.Иманов жөнінде құжаттар жинағы ертеректе жарық көрді. Өкініштісі, барлығы да тек кеңестік идеология тұрғысынан қарастырылды. Қазір тарихты зерттейтін 4 институтымыз бар. Алаш қозғалысы толық зерттелген жоқ. Тарихшылар үшін атқарар шаруа көп», - деді белгілі тарихшы.

Осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалым Алмасбек Әбсадықов «Алаш» атауы әр өңірде түрлі түсіндірілетінін айтты. Оның пайымдауынша, Алаш - далалық өлкелерді мекен еткен көшпелі халықтардың ортақ атауы. Ал кей деректерде әскери ұғымға қатысты айтылады.  
null

null

null

Соңғы жаңалықтар