Алаш қозғалысы қаламгерлерінің өмірі жайлы кітап жарыққа шықты
«Бұл оқулықтың ерекшелігі, біріншіден, үш бағыт: күрескер-ұлтшылдық, діни-милләтшілдік бағыт, ағартушы-демократтық бағыт өкілдері бойынша алып тұлғалардың өмірбаяндары мен шығармашылық еңбектері жүйеленіп берілді. Яғни, үш топқа бөліп, жіктеп берілді. Екіншіден, ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс пен оның тұлғалары бір бөлімге шоғырландырылды. 50-ге жуық қаламгердің өмірі мен шығармашылығы бүгінгі оқытудың инновациялық талабына сай бірінші рет тұтас ұсынылып отыр. Сонымен қатар, кітапта Алаш ұранды әдебиеттің көшбасшыларымен бірге тізе қосып, келешек ұрпақ қамы үшін көптеген мақала жазып, тауқыметті өмір азабын бірге көтеріскен С.Асфендияров, Х.Ғаббасов, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, С.Аманжолов, Б.Құлманов, Б.Мәметов сынды көрнекті тұлғалар туралы да мәліметтер беріліп отыр. Оқулықта сондай-ақ, ХХ ғасырдың басындағы баспасөз мәселесі мен сал-серілер поэзиясы да толық қамтылып, біршама шығармалар контекстік оқу әдісі бойынша берілді», - дейді автор Р.Зайкенова.
Ғалымның айтуынша, бұл кітап Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойына арнайы жасалған тарту.