Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылды, 2 адам көз жұмды

None
Фото: ntv.com.tr
АЛАНЬЯ. ҚазАқпарат – Түркияның Аланья қаласы аумағында туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы 12 адам зардап шекті. Жолаушылар арасында қазақстандықтар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат түріктің NTV арнасына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, туристік көліктің жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында мерт болды.

12 турист, соның ішінде ауыр жарақат алған 6 адам Аланья мен Манавгат аудандарының ауруханаларына жеткізілді.

Haber Global телеарнасының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілген.

ҚазАқпарат қазақстандықтар жөнінде мәлімет алу үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне жүгінде. Ведомствода «ақпарат анықталып жатқанын» жеткізді.


Соңғы жаңалықтар