Алания жағалауында туристік кеме апатқа ұшырады

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Алания туристік ауданының жағалауында, Жерорта теңізінде сейсенбі күні катер суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бір адам мерт болды, 37 адам құтқарылды. Қаза тапқан азамат – ресейлік турист.

Кеме жергілікті уақытпен 11.10-да жағалаудан 50-100 метр қашықта батып кеткен.

Апаттың жай-жапсары тексеріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар