Алаңдауға негіз жоқ – қалалық ТЖД Алматыдағы сел қаупі жөнінде

АЛМАТЫ. ҚаАқпарат – Алматының қалалық ТЖД Қарғалы өзеніне қатысты толық ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазәуеқұтқару», «Алматы Құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзірленді», - деді қалалық ТЖД өкілдері.
Құтқарушылардың мәліметінше, Қарғалы өзенінің басындағы көлдің суын жіберу жұмыстары 6 маусымда басталған. Бұған 6 сорғыш, сифон желісі іске қосылған. Сондай-ақ, экскаватормен транзиттік су жүргізу үшін басқа арна қазылған.
Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген. Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метр болған.
Алдын ала су басуы ықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыл әрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды.
«Қазіргі таңда Қарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Дәл қазір 3,6 текше метр су жіберіп жатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді ТЖД өкілдері.
Айта кету керек, бүгін таңға жақын Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын. ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанған болатын.
- Алматы орталығында жатақхана өртеніп, бір адам ажал құшты
- Алматыда мереке күндері азық-түлік арзан бағада сатылады
- Қисайған үй сүрілетін болса, тұрғындардың жағдайы не болмақ
- Алматыда IT-технологиялар паркі ашылады
-
Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын
-
Бақытжан Сағынтаев жастардың Алматыдан неге кеткісі келмейтінін айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам