Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде «қола» алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Алан Құрманғалиев Словакияда үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Senec халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

А.Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік өнер көрсетті. Ол Джамдиэль Торрестен (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичтен (Польша), Степан Брхельден (Чехия), Рохелио Кастродан (Мексика), Андре Бертельсмайерден (Германия) басым түсіп, үшінші орын алды.
Сондай-ақ аталған турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі - Санжар Жұбанов үш рет жеңіске жетіп, 1/8 финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар