Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирде «алтын» алды

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағандылық, 16 жасар Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Реал қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, 17 жасқа дейінгілер арасында Алан қарсыластарының бәрін ұтты.

Атап айтқанда, испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сондай-ақ тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужорадан айласын асырды.

Осылайша, Алан Құрманғалиев тағы бір ірі жарыста көзге түсіп, алтын медальді жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар