Алан Құрманғалиев 2019 жылдың үздік жас теннисшісі атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алан Құрманғалиев 2019 жылдың үздік жас теннисшісі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сілтеме жасап.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы Hopes Week турнирінің аймақтық, құрлықтық және әлемдік серияларын қорытындылап, 2019 жылдың үздік жас теннисшісі ретінде Алан Құрманғалиевті атады.

Эльмира Алиева жаттықтыратын жас спортшы енді 2020 жылы ITTF ұйымдастыратын ірі халықаралық жарыстарға тегін қатысады.

Айта кетелік, Алан Құрманғалиев Омандағы ITTF World Hopes Week and Challenge турнирінің күміс медалін иеленген.


Соңғы жаңалықтар