+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Алакөлге лай су ағызған демалыс орнына 75 мың теңге айыппұл салынды

2019 жылғы 8 тамыз 16:09
Бөлісіңіз:
Алакөлге лай су ағызған демалыс орнына 75 мың теңге айыппұл салынды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алакөлге лай су ағызған демалыс орнына 75 750 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ӘҚБК-нің 328-337-баптарымен айыппұлдар салынды. Айыппұлдың сомасы 75 750 теңге. Екі айыппұл салынды. Қазір енді осы экологиялық құжаттарды толық рәсімдегенше кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы сотқа құжаттар дайындалуда», - деді Алматы облысы бойынша экология департаментінің баспасөз хатшысы Сейдалы Сариев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Алакөлге құбыр арқылы лай су төгіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразылығын тудырды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл жағдайға кінәлілер жазаланатынын айтты.

Ал жуырда «Қазгидромет» РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалының мамандары Алакөлдің бес нүктесінен алынған су сынамасына жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесін жариялаған еді .

Сондай-ақ, көлге лас су ағызған қонақүй жабылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT