+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алакөлге құбыр арқылы лай су ағызылып жатыр - туристер

2019 жылғы 1 тамыз 10:19
Бөлісіңіз:
Алакөлге құбыр арқылы лай су ағызылып жатыр - туристер

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы лай су төгіліп жатыр. Қазір әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразалығын тудыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік Өскеменнің лас ауасын сынаған биші жігітке жауап берді Қауіпті қалдықты өңдейтін компаниялар арнайы лицензиямен ғана жұмыс істей алады Елімізде экологиялық әкімшілік айыппұл 10 есеге өседі

Бейнежазбағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар.

«Міне бұл Алакөлдегі Ақши ауылы. Міне қараңыздар, жағымсыз иісі бар су көлге төгіліп жатыр. Бұл канализацияның қалдығы. Иісі адам төзгісіз, жағымсыз. Міне көлді осылай ластап жатыр. Қаншама адам жүр», - дейді бейнежазбаны түсіріп жүрген автор.

Ал Алакөл ауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

«Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары мен қонақтары! Бейнежазбада көрсетілген су «Көктем гранд» демалыс орнының бассейнінен аққан су екенін хабарлаймыз. Көлге ешқандай зияны жоқ. Аудан әкімдігінің қызметкерлері тарапынан аталған жерге барып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Өздеріңізге белгілі таралған бейнежазбада көрсетілген «Көктем Гранд» демалыс орнының бассейнінен көлге құйылып жатқан су мәселесі бойынша бүгін аудандық комиссия құрылды. Комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары Айдын Чалкенов, құрамына аудандық денсаулық сақтау басқармасы, экология, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы және аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарымен қамтылды. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат беріледі», - деді Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT