Алакөлге бекіре балығы жіберілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алакөл көліне бекіре балығы жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балықтар Алакөлден өзге Майқанкөлге және Көлбайдың жанындағы көлге де жіберілді. Жалпы Атыраудан Алакөлге бекіренің 70 данасы жеткізілген. Және шабақтары да бар. Қазір «Олжа» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеубек Алтыбаев көл суына шабақтарды  алдымен бейімдеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Біраз өскен соң, келесі жылдың күзіне қарай  Алакөл көліне жіберілмек. Осылайша, бекіре балығын табиғи жолмен көбейту көзделген. Әзірге бұл бағалы балық түрін өсіру ісі  тәжірибе жүзінде қолға алынып отыр.

 Айта кетейік, шабақтарды Атыраудан Алакөлге белгілі меценат Бауыржан Оспанов арнайы алдыртыпты.  Жалпы, Алакөл ауданындағы Қамысқала ауылы тұрғындарының негізгі кәсібі - балық шаруашылығы. Олардың кәсіптері  әсіресе, шомылу маусымында жандана түседі. Демалушыларға балықтардың түр-түрін ұсынатын да осы жергілікті халық. Ал балықшы  Тілеубек Алтыбаев Алакөлде бағалы бекіре тұқымымен бірге, тұқы, сазан және дөңмаңдай секілді балықтарды да көбейтпек ниетте. Өйткені, соңғы жылдары ғалымдардың пікірінше, көлдегі балық саны біршама азайып кеткен. Бұған броконьерлік қана емес, табиғи жағдайлар да себеп. Егер жер берілсе, көлшіктер қазып, сонда бағалы су маржандарын көбейтпекші. Бұл ретте, шаруаның инкубациялық цехы да жұмыс істеп тұр.

null null

Соңғы жаңалықтар