+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды

2019 жылғы 15 шілде 13:23
Бөлісіңіз:
Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдан Алакөл көліне демалушыларды жеткізбек болған автобус аударылды. Көлік ішінде 47 жолаушы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алакөлге лай су ағызған демалыс орнына 75 мың теңге айыппұл салынды Алакөлдегі су сынамасының нәтижесі белгілі болды Алакөлге ағызылған судан сынама алынды - әкімдік

«Жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен тас жолының 462 шақырымында тіркелді. Автобустың ішінде 47 адам болған. Үш адамға медициналық көмек қажет болды. Сол себепті, екі ер адам мен бір әйел Сарқан қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабының 2-тармағына сәйкес сот алды тергеу басталды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, автобус Алматы облысының Көктұма ауылындағы Алакөл жағалауына демалушыларды жеткізбек болған. Полицейлердің мәліметінше, жолаушылар ары қарай сапарларын жалғастырған.




Айта кетейік, қазір Талдықорған-Өскемен тас жолында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жолаушылар айналма жол арқылы қатынауда. Мәселен, бұған дейін талдықорғандықтар Алакөлге 5 сағатта жететін болса, қазір 11 сағат жол жүрулеріне тура келуде. Ал алматылықтар Алакөлге 8 сағаттық жерге қазір 15 сағат жол жүріп, жетіп жатқандарын айтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT