Алакөлге ағызылған судан сынама алынды - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы жіберілген судан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір комиссияның ақпараты бойынша сорғыштан аққан су тоқтады, көл жағалауы таза. Бейнежазбадағы аққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы. Су соратын сорғыш сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынатын су кері қайтқан. Ал демалыс орнының дәретхана құбыры бөлек жерде орналасқан. Аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары қазіргі уақытта зертханалық сынамалар алуда»,- делінген Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, Алакөл көліне белгісіз лай су құбыр арқылы төгіліп жатқанын туристтер хабарлаған болатын.

Бейнежазбағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар.

Артынша Алакөл ауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар