Алакөлдің түбін тазарту кезінде бір күнде 90 келі темір шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сүңгуірлер Алакөлдің түбін тазарту жұмыстарының бірінші күнінде 90 келі темір шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданындағы Алакөлдің түбін тазарту жұмыстары басталды. Көлдің түбін толық тексеру үшін құтқарушыларға үш күн қажет.

«Сүңгуірлер 207 демалыс базасын, оның ішінде «Үржарайым» балалар сауықтыру лагерінің бойындағы 4,1 шақырым жағалаудың түбін тазартады. Мұндай шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы басталар алдында жүргізіледі. Соның барысында құтқарушылар азаматтарға қауіп төндіретін заттарды жиі тауып жатады», - делінген ақпаратта.

Жұмыстың бірінші күнінде барлығы 90 келі темір, 2 балық аулау торы мен 10 шыны бөтелке шығарылды. Сүңгуірлер 1,5 шақырым шағалауды қамтып үлгерді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО құтқарушылары балалар қамалып қалған 120-дан астам үйдің есігін ашқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар