Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 26 °С
USD 344.58 EUR 400.51
RUB 5.47 CNY 51.30
Жаңалықтар

Алакөлдің 12 шақырымдық жағалауын бекіту қажет - әкімдік

2018 жылғы 17 сәуір 13:58 891
Бөлісіңіз:
Алакөлдің 12 шақырымдық жағалауын бекіту қажет - әкімдік

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөлдің жағалауын су шайып жатыр. Биыл жергілікті билік дәл көлдің жағалауында орналасқан бір отбасын алты бірдей баласымен басқа ауылға көшірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Алакөл көлінің 12 шақырымдық жағалауына күшейту жұмыстары жүргізілуі қажет. Биыл жоба-сметалық құжат дайын болса, күзде бұл жұмыстарды бастаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Айдын Чалкенов.

«Алакөлдің жағалауын бекіту жұмыстары қолға алынады» дегенді жылда еститін жергілікті тұрғындар енді жауапты мамандар сөзден іске көшсе, деп тілейді. Себебі тұрғындар барлығы тек құжат жүзінде қала ма деп қорқады.

Айта кету керек, 15 жылдың ішінде көлдің жағалауын су шайып, Көктұма ауылындағы екі көше көлдің астына кеткен. Ал ауыл халқы екпіні күшті жел күз және көктем мезгілінде қатты соғып, жағалауды су шаятынын айтады.


Алакөлдің 12 шақырымдық жағалауын бекіту қажет - әкімдік 
Алакөлдің 12 шақырымдық жағалауын бекіту қажет - әкімдік 
Алакөлдің 12 шақырымдық жағалауын бекіту қажет - әкімдік 


Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат