Алакөлдегі кәсіпкерлер салықтан жалтармауы тиіс – әкім

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алакөлдегі демалыс базаларының иелері салықты заң шеңберінде төлеуі тиістігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында айтты.

«Мемлекеттік кірістер департаментіне Алакөл жағалауында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесу өткізуге тапсырма бердім. Пандемия кезінде біз оларға түрлі жеңілдіктер жасадық. Сондықтан, кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілік танытып, салықты заң шеңберінде төлеуі тиіс», - деді ол.

Айта кетейік, Даниал Ахметов осыған дейін де Алакөлдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің салықтан жалтармау қажеттігін баса айтқан болатын. Бүгінде демалыс орнында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылған. Былтыр бұл мақсатта 8 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталды.


Соңғы жаңалықтар