Алакөлдегі фестиваль халықаралық мәртебеге ие болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Келер жылы Алакөлдегі фестиваль халықаралық мәртебеге ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Alakol-2018» фестивалін ұйымдастырушылар отандық жетекші режиссерларды жинап, алғашқы халықаралық конкурстың бағдарламасын әзірлемек.

«Алакөлге келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. Демалыс естен кетпес оқиғаға айналуы үшін келер жылғы фестивальды халықаралық деңгейде өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алакөлге жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті», - дейді өңірдің ақпараттық орталығының өкілдері.

Биыл фестивальға мыңдаған адам жиналды. Арнайы шақырылған қонақтардың арасында «Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гүлмира Сарина, X-Factor Kazakhstan конкурсының қатысушылары - «Меццо» тобы, қазақ эстрадасының танымал хиттерінің композитория Ілияс Әбдіразақовтар болды.

Көрермендер әртістермен бірге ән шырқап, би биледі.

Сүндет Байғожиннің айтуынша, жыл сайын Алакөлге өнер көрсету үшін келетін белгілі әншілер көбейе түсері анық.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар