+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алакөлдегі демалыс орындары 400 мыңға жуық адамға қызмет көрсеткен

2020 жылғы 5 тамыз 03:33
Бөлісіңіз:
Алакөлдегі демалыс орындары 400 мыңға жуық адамға қызмет көрсеткен

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары облыстағы Алакөл жағалауында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алакөл көлінің Алматы облысы аумағындағы жағалауында биыл 150 жуық демалыс орны 380 000 адамға қызмет көрсеткен.

«Коронавирус індетінің салдарынан биыл көлге келетін шетелдіктің саны азайған. Дегенмен отандық туризм бір қадам алға басты. Көл жағасындағы Ырғайты ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында биыл бір ғана қылмыс тіркелген. Учаскелік полиция инспекторлары өзгенің мүлкін қолды қылған күдіктіні санаулы сағатта анықтап, қылмыстың «ізін суытпай» ашқан», - деді Алматы облысы Алакөл аудандық ПБ бастығы Қуат Оспанов.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның негізгі мақсаты демалыс аймағында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жағажайдағы криминогендік жағдай бақылауға алынған. Биыл 30 жуық әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Күнделікті аумақты шолу мен тиісті орган өкілдерінің қатысуымен рейд ұйымдастыру өз нәтижесін беруде. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында демалыс орындары мен демалушылардың карантин шектеуін қатаң сақтауы да бақылауға алынған.

«Көлде демалушыларға қауіпсіздікті ұмытпауы үнемі ескертіледі. Жақында құтқарушылар тобы кезекті аралау барысында 6 жасар баланың жағажайдан алысқа кетіп, суға батып бара жатқанын дер кезінде байқады. Шұғыл жетіп, баланы аман-есен ата-анасына тапсырдық. Үлкендерге бүлдіршіндерді көзден таса қылмау қажеттілігі ескертілді», - деді Қуат Оспанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT