Алакөлдегі айтыста Сара Тоқтамысова 1,5 млн теңге иеленді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы  Алакөл ауданының 90 жылдық мерейтойына орай өткен ақындар айтысында Сара Тоқтамысова бас жүлдені қанжығалады. Жеңімпаз 1,5 млн теңгенің сертификатына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыр додасында 1 млн теңге тігілген І орынды Жандарбек Бұлғақов жеңіп алса, ІІ орынға Айнұр Тұрсынбаева лайық деп танылды. Ол 800 мың теңгенің сертификатына ие болды. Ал үшінші орын Балғымбек Имашевқа бұйырды. 

Жалпы жыр додасына 10 ақын қатысқан. Жүлделі орындарға ие болмаған барлық ақындарға ынталандыру сыйлығы ретінде Алакөл ауданы әкімінің арнайы жүлдесі - 200 мың теңгенің сертификаты берілді.  

Айта кету керек, Сара Тоқтамысова дәл осы Алакөл ауданының 80 жылдық мерейтойында да бас жүлдені иеленіп, көлік мініп қайтқан болатын.

Сондай-ақ, мерейтойға байланысты «Алты алаштың Алакөлі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Аудандағы бөлім, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың тарихи шежіресі мен сол жылдарда еңбек еткен айтулы азаматтардың есімі жазылып, ауданның құрметті азаматтарының тізімі енгізілген кітаптың тұсаукесер рәсіміне аймақ тұрғындары қатысты. 
null 

«Алты алаштың Алакөлі» атты кітапта тұңғыш рет аудан шежіресі жазылып, Алакөл туралы алғаш рет аңыздар, ауданға арналған ән-жырлар жинақталды. Бұл, өз кезегінде, кейінгі ұрпаққа мол мұра болып қалады деген ойдамыз» ,- деді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев. 

Кітапты құрастырып, өңдеген - Алматы облысы, Алакөл ауданының Құрметті азаматы, облыстық «Жетісу» телекомпаниясы директорының кеңесшісі Ахмет Кендірбекұлы. 

Аудан мерейтойына арналған кеш соңы орталық «Сымбат» стадионында қазақ эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты. Оған «Досмұқасан» тобы, Мадина Сәдуақасова, Естай Әлекеев, Бауыржан Исаев сынды өнер жұлдыздары қатысып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айдынды Алакөлдің 90 жылдығы отшашумен аяқталды.

Айта кету керек, биыл Алматы облысындағы Алакөл жағалауына 1 миллионнан астам 1 миллионнан астам турист келіп демалған. Оларға 5,5 млрд теңгенің қызметі көрсетілген.
null 

null 

Соңғы жаңалықтар