Алакөлде жел тұрып, толқын катамаранда отырған төрт адамды айдынның ортасына алып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы Ақши ауылында төрт жас адам, олардың біреуі кәмелетке толмаған, катамаранмен жүзіп жүріп жағадан алыстап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желмен көтерілген толқын катамаранды судың ортасына апарып тастаған. Бұл туралы ақпарат облыстық ТЖД кезекші пультіне 1 тамыз күні таңғы сағат 5:15-те түседі.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына дереу Жетісу облысы ТЖД Алакөл өңірлік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді.

Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, демалушылар сағат 5:40-та жағадан 1,5 шақырым қашықтықта табылып, жағаға жеткізілді.

Құтқарылғандарға судағы қауіпсіздік және құтқару кеудешелерін міндетті түрде кию қажеттігі түсіндірілді.


Соңғы жаңалықтар