Алакөлде туристік маусым қашан басталады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Алакөл көлі жағалауында туристік маусым 15 маусымда басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл жайлы демалысты ұйымдастыру үшін Абай облысының әкімдігі жол картасын әзірледі. Оған 40-қа жуық шара енді. Келушілерді көптеген жаңалықтар күтіп тұр.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадан Үржарға бірінші болып QazaqAir әуекомпаниясының ұшағы ұшқан болатын.

Сондай-ақ Абай облысында жазғы кезеңде Алакөл көліне жолаушылар тасымалы ұйымдастырылады.

Қазір Үржар ауданының Алакөл көлінің жағалауында су бұру каналын салу үшін жер құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көл жағалауын электрмен жабдықтау мәселесі де шешілу үстінде. Сараптама қорытындысы алынды. Жобаларды іске асыру жағы қарастырылып жатыр.

Жазғы кезеңде Алакөл көліне 4 автобус жолаушы тасымалдайды. Сондай-ақ «Семей-Жалаңашкөл» станциясы теміржол маршрутына қызмет көрсетуге тендер өткізілді. Оның жеңімпазы - «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Биыл құрамына 5 вагон енген пойыз аптасына 3 рет қатынайды.


Соңғы жаңалықтар