Алакөлде мүгедек балаларға арналған сауықтыру лагері ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Алакөл жағалауында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап жазғы сауықтыру лагерін ашпақшы. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білімі беру басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, Алакөлдің жағасынан салынатын лагерь бір жолда 220 баланы қабылдауға қайқарлы. Онда ерекше күтімге зәру балалар денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, бос уақыттарын ойын-сауықпен өткізуге мүмкіндік алатын болады.

«Жабық хауыз, ойын алаңдары, емдік жаттығу залы, кинозал, кітапхана, физиокабинет, «тұзды шахта», «логопед бекеті», амфитеатр сияқты пайдалы нысандар мүмкіндігі шеутеулі балалардың уақытты тиімді өткізуіне қызмет ететін болады» - дейді Сайрангүл Жұмаділова.

Бұл нысанға Үржар ауданындағы ІІМ -ге қарасты шипажай ғимараты берілуі мүмкін.

«Қайталап сараптама жүргізу қажет. Қажет болса, ІІМ-ге қарасты болған шипажайды жөндейміз. Бұдан бөлек Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында да пансионат ашу керек» - дейді өңір әкімі Даниал Ахметов.

Жиында биыл ШҚО оқушыларының 99,5% жазғы демалысын пайдалы өткізуге мүмкіндік алатыны да айтылды. Жазғы лагерьлерден бөлек түрлі үйірмелер мен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылмақ. Ал көпбалалы және тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан 33582 бала жазғы лагерьде тегін тынығады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 232 млн теңге бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар